Аграрлық факультет ұжымы қоғам қайраткері Нәзипа Шанаимен кездесті

Аграрлық факультеттің деканы Г.Р. Тастанбекова, оқытушылар мен студенттер М.Әуезов атындағы ОҚУ-да өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы, отбасы саясаты, тәрбие және қоғамдық келісімді нығайту саласындағы белгілі қоғам қайраткері Нәзипа Ыдырысқызы Шанаимен кездесуге қатысты.

Іс-шара университеттің қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректоры Садыбек Бейсенбаевтыңтөрағалығымен және оқу орнының Аналар кеңесі мүшелерінің белсенді қатысуымен өтті.

Ашық диалогтың басты тақырыптары - отбасылық құндылықтарды сақтау, ұрпақтар сабақтастығы, студент жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беру және қоғамдағы бірлікті нығайту мәселелері болды. Нәзипа Ыдырысқызы өзінің бай қоғамдық жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, заманауи маман мен азаматтың тұлғалық қалыптасуындағы ана мен отбасының рөліне ерекше тоқталды.

Кездесуге қатысушылар жастарды қолдауға бағытталған өзекті әлеуметтік бастамалар мен бірлескен жобаларды талқылады. Аграрлық факультеттің студенттері мен оқытушылары құрметті қонаққа көкейкесті сұрақтарын қойып, жылы әрі сенімді ахуалда пікір алмасты.


Күнтізбе

Қараша 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.