Аграрлық факультет ғалымдары мен басшылығы Гент университетінің профессоры Абдул Муазеннің дәрістерін тыңдады

Халықаралық ынтымақтастық және академиялық тәжірибе алмасу бағдарламасы аясында Аграрлық факультетте Гент университетінің (Бельгия) белгілі шетелдік ғалымы, профессор Абдул Муазеннің дәрістер курсы өтті.

Іс-шараға факультет деканы, қауымдастырылған профессор, ҚР АШҒА академигі Г.Р. Тастанбекова, «Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы» кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор А.Қ. Жылқыбаев, профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ факультетіміздің магистранттары мен студенттері қатысты. Еуропалық ғалымның дәрістері ауыл шаруашылығындағы озық трендтерге, смарт-технологияларды енгізуге және нақты егіншіліктің заманауи әдістеріне арналды.

Дәріс сабақтары барысында профессор А. Муазен өзінің көпжылдық зерттеулерінің нәтижелерімен, агроөнеркәсіптік кешенге цифрлық шешімдерді интеграциялаудың бірегей тәжірибесімен бөлісіп, тыңдаушылардың өзекті сұрақтарына жауап берді. Лектор айтқан прогрессивті тәсілдер факультеттің ғылыми-педагогикалық құрамы тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, қызу академиялық пікірталасқа ұласты.

Аграрлық факультет деканы Г.Р. Тастанбекова профессор Абдул Муазенге мазмұнды дәрістер курсы үшін терең алғысын білдіріп, әлемнің жетекші ғалымдарымен мұндай кездесулер факультет оқытушыларының біліктілігін арттыруға, білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңартуға және бірлескен халықаралық зерттеу жобаларын дамытуға мүмкіндік беретінін атап өтті.


Күнтізбе

Қараша 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.