Жаңалықтар
Агробизнеске жолдама: Аграрлық факультетте диплом тапсыру салтанаты өтті – 35 түлек «үздік диплом» иегері атанды!
- Қаралды: 15
Университеттің мәжіліс залында ең көптен күткен және салтанатты рәсім - 2026 жылғы Аграрлық факультеттің түлектеріне диплом тапсыру рәсімі өтті. Биыл диплом алған мамандар қатары еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға дайын 234 жас кәсіпқоймен толықты.
Факультеттің ерекше мақтанышы - оқуды үздік аяқтаған 35 түлек! Түлектерге ректордың міндетін атқарушы, қауымдастырылған профессор Ғ.А.Бесбаев пен Аграрлық факультеттің деканы, қауымдастырылған профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Г.Р.Тастанбекова құттықтау сөз сөйледі.
Ғ.А. Бесбаев: "Құрметті түлектер! Бүгінде сіздер жоғары білім туралы құжатты ғана емес, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты мамандыққа жолдама алып отырсыздар". Өз кезегінде Г.Р. Тастанбекова: «Сіздер сапалы білім алдыңыздар, және әрқайсыңыз өз қабілеттеріңіз бен таланттарыңызды лайықты бағытта жүзеге асыра алатындарыңызға сенімдімін. Туған факультеттеріңізді ұмытпай, аграрлық секторға инновациялық жаңалықтарды батыл енгізіңіздер!»
Салтанатты рәсім барысында ғылыми қызметте, студенттік өзін-өзі басқару саласында және спортта ерекше белсенділік танытқан студенттердің ата-аналарына да құрмет көрсетілді.
Барлық түлектерді шын жүректен құттықтаймыз! Оларға кәсіби жолда сәттілік, мол жетістіктер, толағай табыстар мен мансаптық биіктер тілейміз!
Ақ жол, 2026 жылғы түлектер!










