«Өркен» студенттік театр-студиясы «Үздік қойылым» номинациясын иеленді

Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен V Республикалық «Үміт» студенттік театр фестивалі өз мәресіне жетті.
 
Байқау қорытындысы бойынша Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Мәдениет және өнер» факультетіне қарасты «Өркен» студенттік театр-студиясы «Кәсіби студенттік театр» санатында «Үздік қойылым» номинациясының жеңімпазы атанды.
 
Фестиваль аясында өнер ұжымы қазылар алқасы мен көрермен назарына «Шыбын ғұмыр» спектаклін ұсынды. Қойылым өзінің тың сахналық шешімімен, режиссерлік ізденісімен, актерлік шеберлігімен және шығармашылық тұтастығымен жоғары бағаланды. Студенттік театр ұжымының жетекшісі – Жолдасов Еркебұлан Абдуллаұлы.
 
Бұл жеңіс – жас өнерпаздардың кәсіби дайындығы мен театр өнеріне деген жоғары жауапкершілігінің нәтижесі.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@auezov.edu.kz


Please publish modules in offcanvas position.