Таза Қазақстан: университетте «Жастар гүлзары» ашылды

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде жастардың бас қосып, пікір алмасып, шабыттануына арналған «Жастар гүлзары» ашылды.
Салтанатты шараға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы және университеттің Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Төлеген қатысты.
Алғашқы болып сөз алған Сәрсен Абайұлы университет ұжымын «Ұлттық» мәртебе алуымен және жаңа гүлзардың ашылуымен құттықтап, жастарға артылар үміттің зор екенін атап өтті. Сондай-ақ студенттерді білімге ұмтылуға, ел мүддесі жолында еңбек етуге және өздеріне артылған сенімді ақтауға шақырды.
Өз кезегінде Рауан Кенжеханұлы университетке «Ұлттық» мәртебе берілуін орынды шешім ретінде бағалап, білім ордасына жаңа белестер мен толайым табыстар тіледі.
Университет басшысы Мұхтар Төлеген оқу ордасын Орталық Азиядағы жетекші білім беру хабына айналдыру жолында ұжым болып жұмыла еңбек ететіндерін жеткізді. Сонымен қатар «Жастар гүлзары» студенттердің игілігіне қызмет етіп, олардың бастамаларына қолдау көрсететін сүйікті орынға айналатынына сенім білдірді.
Жаңа демалыс орны студенттердің қуанышына бөленді. Олар университет басшылығына алғыстарын білдіріп, қонақтарға зор қошемет көрсетті.
Іс-шара «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында ағаш отырғызу рәсімімен жалғасты. Құрметті қонақтар мен университет жастары гүлзар аумағына көшеттер отырғызып, табиғатты аялау мен қоршаған ортаға қамқорлық танытудың үлгісін көрсетті.
Image
Image
Image

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@auezov.edu.kz


Please publish modules in offcanvas position.