Жаңалықтар
"Стандарттау және сертификаттау" кафедрасының магистр, аға оқытушысы Тоқтабек А.А. Практикалық ашық сабақ өтті
- Абжапбаров Абай Акилбекович 8 775 108 20 52
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 62
«Метрологияның техникалық негіздері» пәні бойынша «Су буы үшін байланыстырушы тізбектерге қойылатын талаптар» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақтың негізгі мақсаты – студенттердің метрология саласындағы теориялық білімдерін тереңдету, техникалық талаптарды меңгеру және өлшеу құралдары мен бақылау-өлшеу жүйелерін тәжірибе жүзінде қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Сабақ барысында су буы жүйелерінде қолданылатын байланыстырушы тізбектерге қойылатын техникалық талаптар, олардың жұмыс істеу ерекшеліктері, өлшеу құралдарының қызметі, бақылау және өлшеу жүйелерінің маңыздылығы қарастырылды.
Ашық сабақ нәтижесінде студенттердің пәнге деген қызығушылығы артып, техникалық ойлау, талдау, өз бетінше шешім қабылдау және кәсіби білімдерін тәжірибеде қолдану дағдылары жетілдірілді. Ашық сабақ білім алушылардың кәсіби даярлығын арттыруға, метрологиялық білімдерін тереңдетуге және болашақ маман ретінде практикалық құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталды.






