Жаңалықтар
Мұхтар Әуезов университеті QS STARS бойынша 4 жұлдыздық бағасы үшін Астанада марапатталды
- Қаралды: 30
Астана қаласында өткен QS Eurasia Forum 2026 халықаралық форумында Quacquarelli Symonds (QS) рейтингтік агенттігінің бағалау нәтижелері бойынша университеттерді марапаттау рәсімі өтті.
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті QS Stars халықаралық бағалау жүйесі бойынша 4 жұлдызға ие болды. Бұл – университеттің білім беру сапасы, ғылыми қызметі және басқару жүйесі бойынша жетістіктеріне берілген баға.
Марапатты университеттің Басқарма төрағасы – ректоры Мұхтар Төлеген Әділбекұлы қабылдады. Сондай-ақ QS Asia University Rankings 2027 рейтингінде университет Азияның үздік жоғары оқу орындары арасында 185-орынға ие болып, Қазақстанның үздік алты университетінің қатарына енді.
Форум барысында ректор QS агенттігінің негізін қалаушы әрі президенті Нунцио Кваквареллимен (Nunzio Quacquarelli) және Орталық Азия мен Шығыс Еуропа бойынша өңірлік директоры Сергей Христолюбовпен кездесті. Кездесулерде халықаралық ынтымақтастықты дамыту, академиялық байланыстарды кеңейту және университеттің әлемдік білім кеңістігіндегі орнын нығайту мәселелері сөз болды.
QS Eurasia Forum 2026 жоғары оқу орындарының басшыларын, халықаралық сарапшылар мен білім саласының өкілдерін жинап, жоғары білім берудің өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.
Айта кетейік, 19 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне ұлттық университет мәртебесі берілді.
Ұлттық мәртебе мен QS халықаралық бағалау жүйесіндегі 4 жұлдыз университеттің алдағы дамуына серпін береді. Бұл ғылыми зерттеулерді дамытуға, шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты нығайтуға және білім сапасын одан әрі арттыруға негіз болады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз