Басып шығару

Стандарттау және сертификаттау кафедрасының студенті республикалық байқауда III орын иеленді!

Image

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында өткен ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық байқауында Стандарттау және сертификаттау кафедрасының студенті Бекетова Жанел Ғабитқызы жүлделі III орынға ие болып, дипломмен марапатталды.

Байқау Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (ҚазҰУ) «6B07501 — Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)» білім беру бағдарламасы бойынша өтті. Жас зерттеушінің ғылыми жетекшісі — Стандарттау және сертификаттау кафедрасының магистрі, аға оқытушы Д.А. Турдыбекова. Марапат ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрінің тарапынан берілді.

Жанел мен ғылыми жетекшісін осы лайықты жетістігімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы ғылыми ізденістеріне толағай табыстар тілейміз!


powered by social2s