Басып шығару

ӘДЕБИ МҰРАҒА ТАҒЗЫМ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ

ӘДЕБИ МҰРАҒА ТАҒЗЫМ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ

Қазақ әдебиетінің заңғар тұлғасы, ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің шығармашылық мұрасын насихаттауға арналған әдеби-мәдени кеш өтті.Іс-шараны «Компьютерлік инженерия және энергетика» жоғары мектебінің «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Рахымбек Назира Жайлауовна мен оқытушы Тастанбекова Баян Омирзаховна ұйымдастырды. Кешке «Мәдениет және өнер», «Филология» факультеттері мен «Виртуалды шындықты модельдеу және құру» мамандығының білім алушылары қатысты.Рухани шара барысында білім алушылар жазушының өмірі мен шығармашылығына тоқталып, әдеби мұрасын өнер арқылы өрнектеді. Әсем ән шырқалып, ұлттық билер орындалды, өлең-жырлар оқылды. Әсіресе Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы негізінде қойылған сахналық көрініс көрермен көңілінен шықты.Кештің негізгі өзегі – ұлт әдебиетінің құндылықтарын ұлықтау, жас ұрпақтың рухани дүниесін байыту және ұлттық мәдениетке деген құрметті арттыру. Тағылымы мол басқосу соңында белсенділік танытқан білім алушылар марапатталды.Әдеби мұраны ардақтаған мұндай тағылымды кездесулер ұлы тұлғалар өнегесін ұрпақ санасына сіңіріп, ұлттық руханияттың сабақтастығын нығайта түседі.


powered by social2s