Жаңалықтар
«Инженер және қоғам» инженерлік этика және кәсіби жауапкершілік тақырыбындағы пікірталас
- Тастанбекова Баян Омирзаховна
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 20
«Инженер және қоғам» инженерлік этика және кәсіби жауапкершілік тақырыбындағы пікірталас өткізілді
2026 жылы 19 қарашада Университеттің тәрбие жұмысы аясында "Ақпараттық коммуникациялық технологиялар"кафедрасының аға оқытушылары Айхынбай К.Т. және Утелбаева А.К. Юм-26 -4K2 және TП-24 -3K, 9к, 10к, 16дк топтарының білім алушыларымен «Инженер және қоғам» тақырыбында дебат өткізді.Іс-шараға топтардың білім алушылары белсенді қатысты. Дебат барысында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, қазіргі қоғамдағы инженердің рөлін, кәсіби жауапкершілігін, ғылым мен технологияның дамуына қосатын үлесін талқылады.Мұндай іс-шаралар білім алушылардың сыни ойлау қабілетін, шешендік өнерін, өз пікірін дәлелді жеткізу дағдыларын дамытуға, топпен жұмыс істеуге және өзгенің пікірін құрметтеуге ықпал етеді. Сонымен қатар болашақ мамандардың әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға көмектеседі.
powered by social2s








