Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы жаңалықтары
БІЛІМ.БАҒДАР.БОЛАШАҚ атты ашық есік күні
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай, 17 қараша күні Шымкент қаласындағы «Қызғалдақ» сарайында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «БІЛІМ. БАҒДАР. БОЛАШАҚ» атты ашық есік күні өтті.
Айтулы іс-шараны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Шымкент қаласының әкімдігі және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті бірлесіп ұйымдастырды.
Іс-шараға қала мектептерінен оқушылар қатынасып, іргелі оқу ордасының білім беру бағдарламалары таныстырылып, талапкерлерге мамандықтардың ерекшеліктері, оқу үдерісі және білім алу мүмкіндіктері туралы толық ақпараттар берілді.
Іс-шараға қатынасқан талапкерлер мен оқушылар ҰБТ форматы, мемлекеттік білім беру гранты конкурсына қатысу тәртібі, жоғары оқу орнына қабылдау талаптары мен мамандық таңдау жайында толық мағлұматтар алды.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз




